Жас қақпашы Шерхан Қалмұрзаға ректорлық білім беру гранты берілді

Жас қақпашы Шерхан Қалмұрзаға ректорлық білім беру гранты берілді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ғылым министрі Саясат Нұрбек «Қайрат» футбол клубының 18 жастағы голкипері Шерхан Қалмұрзамен кездесті.

«Жас қақпашының көрсеткен тарихи нәтижесі – бүкіл қазақстандық жастар үшін жарқын үлгі. Оны осы жетістігімен құттықтаймын және алдағы ойындарда сәттілік тілеймін!», – деді Саясат Нұрбек.

Қазақ спорт және туризм академиясында ақылы бөлімде оқып жүрген Шерхан Қалмұрзаға ректордың білім беру гранты табысталды.

Саясат Нұрбек Ғылым Грант Ректор
4 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
4 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
4 қазан 2025 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 10:01 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар