Қазақстан жаңалықтары9 қараша 2023, 21:14

Жасөспірімге зорлық жасаған күдікті ұсталды

Сарқан ауданында кәмелетке толмаған оқушыға қатысты қылмыс жасады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бірнеше күн бойы іздеуде болған ол аудандық полицияға жеткізілді.

Ұсталған адамға Қылмыстық кодекстің 121-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес іс қозғалды.

Күдікті кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деп айыпталуда.

Қылмыстық іс ерекше бақылауға алынды.

Жетісу облысы Сарқан ауданы Жасөспірім Зорлық

Тақырыпқа жаңалықтар