Қазақстан жаңалықтары30 қазан 2023, 15:30

Жедел жәрдем көлігі дөңгелек ауыстырып жатқан жүргізушіні қағып өлтірді

Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі жол жиегінде дөңгелек ауыстырып жатқан жүргізушіні қағып өлтірді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Талдықорғанның орталығында Audi 80 және Hyundai Solati автокөліктерінің қатысуымен болды.

54 жастағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Балпық би көшесімен келе жатып, жол жиегінде тұрған Audi көлігін соқты.

Соққы кезінде неміс шетелдік көлігінің 37 жастағы жүргізушісі жолаушысымен бірге көліктің артқы дөңгелегін ауыстырып жатқан. 

Жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында мерт болды.

Талдықорған жедел жәрдем Жол апаты Адам өлімі

Тақырыпқа жаңалықтар