Желіде жалған ақпараттық шабуылдар тіркеліп жатыр
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы желіде орынсыз ақпараттық шабуылдарды тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Дауыс беру рәсіміне сенімсіздік тудыруға бағытталған фейк, тіпті манипуляция жасайтын жазбалар анонимді, жаңадан ашылған аккаунттар арқылы таралған.
Мұндай жарияланымдардың көбі Threads , TikTok және Facebook платформаларында байқалады. «Бюллетеньдерді жаппай тастау» туралы мұрағаттық бейнероликтер, дауыс берушілер аз деген негізсіз хабарламалар, учаскедегі қақтығыстар туралы шетелде түсірілген ескі видеолар тараған.
Әрбiр осындай факт бойынша заңда белгiленген тәртiппен тексеру жүргiзiледi. Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы азаматтарды мұқият болуға, расталмаған жарияланымдарға сүйеніп, асығыс қорытынды жасамауға шақырады.
Дауыс беру барысы мен оның қорытындысы туралы ресми мәліметтерді тек уәкілетті мемлекеттік органдар жариялайды.