Қазақстан жаңалықтары19 сәуір 2024, 7:52

Жетісу облысында тонна-тонна пияз далада шашылып жатыр

Жетісу облысында 150 тоннадай пияз далада шашылып жатыр. Себеп, ескелділік шаруа жаз бойы бел жазбай жиған өнімін өткізе алмауы. Шіріп бара жатқан пиязды төгуден басқа амалы қалмапты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

«Алатын адам болмай қалды ғой, қойманы жалға алған, бәріне адам жалдау керек, содан маған көмектесші деп сұрады. Ұялғанымнан келістім, шаруаларға да оңай емес. 9 млн ақшасы күйіп кетті» — деді, пияз төгілген жердің иесі Қанағат Қарипов.

Ал, жергілікті әкімдік өкілдері бұл жағдайдан хабардар. Шаруа «өнімді сата алмай отырмын деп көмек сұраған жоқ», — дейді әкімдік. Сөздерінше, қожалық иесі 3 гектарға пияз себеді.

«Пияз өсірумен шұғылданатын шару қожалығы бізден көмек сұраған жоқ. Әсілінде ауданда апта сайын жәрмеңке ұйымдастырылатынын біледі. Өтпей қалған жуа ысырап болды» — дейді, Ескелді аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Қуат Қожахметов.

Сала мамандарының есебінше, былтыр елімізде 1 млн тоннадан артық пияз жиналған. Ал, халыққа жылына 315 мың тоннасы ғана қажет екен. Қалған өнім экспортқа шығарылуы керек болған. Алайда министрлік мамандары биыл экспорт көлемі төмендегенін, оны логистикалық қиындықтар мен сұраныстың аздығымен байланыстырды. Ал қазір республика бойынша қоймада әлі сатылмаған 100 мың тоннадан аса өнім жатыр.

Жетісу облысы пияз төгіліп жатыр рәсуа

Тақырыпқа жаңалықтар