Қазақстан жаңалықтары10 қараша 2023, 8:45

Жетісу облысында ұсталған күдіктіге туралы жаңа мәлімет

Жетісу облысының Сарқан ауданында кеше ұсталған күдіктіге қатысты жаңа деректер белгілі болды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Жергілікті полиция екі күн бойы іздеп, тау арасына жасырынған жерінен тапқан күдіктінің жасы отыз бесте екен. Ол аудан орталығындағы мектептердің бірінде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген.

Күдікті 14 жастағы ұл баланы Сарқан қаласындағы қонақ үйге ертіп барып зорламақ болған. Баланың көмек сұраған айқайын естіген қонақ үй әкімшісі араға түсіп полиция шақырған. Күдікті қашып үлгерген.

«Сұмдық хабарды естіп шошып отырмыз. Сенгің келмейді. Ол жігіт он жылдай болды, ұстаздық етіп жүрді. Ұл балаға әрі өзінің балдызына бұлай жасамақ болды дегені ақылға сияр емес», - дейді Kazinform тілшісіне мән-жайды түсіндірген сарқандық тұрғын.

 

Жетісу облысы Сарқан Зорлық педофил

Тақырыпқа жаңалықтар