Қазақстан жаңалықтары15 қараша 2023, 14:00

Жетісу облысының жолдарын Ekin patrol бақылайды

Жетісу облысында ереже бұзғандарды автоматты түрде анықтап, айыппұл салатын арнайы қондырғысы бар автокөліктер жолға шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Ekin patrol деп аталатын жаңа құрылғы - төңіректі 360 градусқа дейін шолып, өзінен 70 метрге дейінгі қашықтағы автокөліктің нөмірін жазып алуға қабілетті 14 камерасы бар «ақылды» жүйе. Бүгіннен бастап осы қондырғымен жабдықталған 3 автокөлік Жетісу облысының жолдарындағы жұмысын бастады.

- Бүгіннен бастап Ekin patrol орнатылған 1 патруль көлігі қала ішінде, екеуі облыс аумағында жол тәртібін бақылап жүр. Жаңа патруль жол бойында дұрыс қойылмаған көлікті де, жолдағы реттеу жолағынан асып кеткен немесе бағдаршамның қызыл шамына өтіп кеткен автокөліктерді де түсіріп алады, - дейді Жетісу облысы Полиция департаменті.

Жылжымалы камера ереже бұзу сәтін кез келген жерден бақылай алады екен. Енді көлік тізгінін ұстағандар жолда абай болып, ереже сақтап жүретін болды.

Жетісу облысы Ekin patrol бақылау

Тақырыпқа жаңалықтар