Жүк көлігімен инспектордың аяғын басып кеткен - Атып тоқтатылды
Атырауда полициядан қашқан жүргізуші жүк көлігімен инспектордың аяғын басып кетіп, полиция дөңгелегіне, аспанға екі рет оқ атып қана тоқтатты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оқиға кеше болды дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Полиция қызметкерлері жергілікті уақытпен сағат 11:45 шамасында Атырау-Орал тасжолының 183-шақырымы тұсында DALMLERCHR SLER автокөлігінің жылдамдық асырғанын анықтады. Алайда, көлік жүргізушісі патрульдік полиция инспекторларының заңды талабына бағынбады. Сол себептен, Индербор кентінде қызметтік көліктермен алдын бөгеп, тоқтатылды. Көлік тоқтатылғанымен, жүргізуші кабинадан түспестен қашып құтылуға тырысты. Сол кезде патрульдік полиция инспекторының оң аяғын басып кетіп, жол бойындағы бірнеше автокөлікке авариялық жағдай тудырды. Заңды талапқа бағынбаған жүргізуші көлігінің дөңгелегіне екі мәрте және екі инспектор ескерту мақсатында аспанға екі реттен оқ атты».