Қазақстан жаңалықтары16 шілде 2024, 8:00

Жүктілік сақталды: дәрігерлер пышақталған әйелдің жағдайы туралы айтты

Дәрігерлер Мұнайлы ауданында күйеуінен пышақ жарақатын алған жәбірленушінің жағдайын тұрақты ауыр деп бағалайды. Жүктілік сақталады, түсік түсіру қаупі жоқ. Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі жаия етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

– Зардап шеккен адам есін біледі. Жағдайы тұрақты ауыр. Жүктілік сақталды, алаңдаушылық жоқ. Бұдан былай хирургиялық араласу болмайды, емдеу жалғасуда, - деп хабарлады медициналық мекеменің баспасөз қызметі.

Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында күйеуі әйелін көшеде тұрғындардың көзінше пышақтап тастаған болатын. Салдарынан 24 жастағы әйел ауыр дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлер науқасқа шұғыл ота жасап, аман алып қалды. Әйелдің аяғы ауыр екені белгілі болды.

Осы оқиға бойынша полиция қылмыстық іс қозғап, күдіктіні қамауға алды. Сондай-ақ күдіктіні ұстауға қатысқан ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қатысты да тергеу жүріп жатыр.

Маңғыстау Әйел күйеу Пышақтау

Тақырыпқа жаңалықтар