Қазақстан жаңалықтары4 желтоқсан 2023, 12:23

«Жыл соңына дейін әр қазақстандықтың шотына төлем жасалады» — ФЕЙК

«Жыл соңына дейін әр қазақстандықтың шотына төлем жасалады» деген  хабарлама көрсеңіз, біле жүріңіз, бұл – ФЕЙК, яғни, жалған ақпарат, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Компенсационный центр» деген аккаунт ҚР Президентінің суретін қолдана отырып фейсбукте пост жариялаған.

Бұл хабарламаның дұрыс-бұрыстығына талдау жүргізіп көрген stopfake.kz ҚР мемлекеттік органдарының сайттарында, оның ішінде ҚР Президентінің akorda.kz сайтында мұндай төлем туралы ресми ақпараттың жоқ екеніне назар аударады.

Профильде келтірілген мәліметтерде +52 коды бар байланыс телефоны жазылған, бұл – Мексиканың коды. Ал суретке Қазақстанның елтаңбасы қойылған. Бірақ жарияланымдар лентасында оның орнында бұрын Беларусь Республикасының елтаңбасы болғанын көруге болады. Бұл киберқылмыскерлердің әрекеті. Таралған ақпаратқа сенбеген жөн,- деп жазады портал авторы.




қазақстандық төлем

Тақырыпқа жаңалықтар