сейсенбі, 16 қыркүйек, 2025

Спорт

(Бет. 13)
Спорт
arbat media
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы бүгін жалпы медальдар кестесінде 3 саты төмен сырғып, 15-ші орынға жайғасты. Әзірге Қазақстан қоржынында 1 алтын, 2 қола медаль бар. Ал жалпы медальдар саны бойынша Қытай құрамасы көш басына шықты. Олар 6 алтын жүлдесін 8-ге жеткізіп, бірден медаль кестесінде бірінші орынға көтерілді. Әзірге олар 8 алтын, 6 күміс, 2 қола медаль еншілеп тұр. 
Спорт
arbat media
Олимпиадада сексизм жоқ: түсірілім кезінде операторларға арнайы нұсқаулар берілген. «Әйел спортшылар мұнда тартымды, сексуалды немесе басқа нәрсе үшін емес, олар таңдаулы спортшылар болғандықтан», - деді Олимпиада ойындарының ресми хабар тарату ұйымының басшысы Яннис Экзархос. Ол операторларды түсірілімге деген көзқарастарын өзгертуге және репортажда сексистік стереотиптерден аулақ болу үшін әйелдер мен ерлерді бірдей көрсетуге шақырды. 
Спорт
arbat media
Франция астанасында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы жалпы медальдар кестесінде 1 алтын, 2 қола медальмен 7-ші орында келеді. Ал 3 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алған Оңтүстік Корея спортшылары жалпы есепте көш басында тұр. Екінші орында — Австралия құрамасы. Олардың еншісінде 3 алтын, 2 күміс жүлде бар. Үздік үштікті әзірге 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен Қытай құрамасы түйіндеп тұр.