Қазақстан жаңалықтары21 маусым 2024, 12:30

Ақтөбе облысында дәрі-дәрмек тиеген жүк көлігі өртеніп кетті

«Самара-Шымкент» республикалық автожолының 794-шақырымында Хромтау ауданында дәрі-дәрмек тиелген жүк көлігінен өрт шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Көлік руліндегі 33 жастағы жүргізуші құтқарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасының қызметкерлеріне берілді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Өрт сөндірушілер қоңырау түскен сәттен бастап 32 минут ішінде жалынды ауыздықтады.

Оттың неден тұтанғаны анықталып жатыр.

«Егер көлік жүріп бара жатқанда өрт шықса, жол жиегіне тоқтау керек. Қозғалтқышты өшіріп, көлікті қол тежегішіне қою керек. Бүкіл жолаушыларды салоннан шығарып, құжаттарыңызды алып, өрт туралы 112 нөміріне хабарлаңыз» деп ескертеді ТЖМ.

Ақтөбе облысы жүк көлігі Өрт

Тақырыпқа жаңалықтар