Қазақстан жаңалықтары10 шілде 2024, 12:00

Бұрынғы әйелін ұрған ер адамға қатысты сот үкімі шықты

Алматыда бұрынғы азаматтық некедегі әйелін сабаған ер адам жазаланды. Алматы қаласының Наурызбай аудандық сотында әйелге жұдырық жұмсаған айыпталушы М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот анықтағандай, сотталушы бұрын бірге тұрған әйелді үйдің кіреберісінде бірнеше рет ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Сотталушының кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен және қылмыстық істің басқа материалдарымен дәлелденді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

«Сотталушы кінәсін мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді. Жәбірленуші де сотталушыны кешірді және бас бостандығынан айырмауды өтінді», - деп атап өтті ведомстводан.

Ал прокурор сотталушының бас бостандығын 1 жылға шектеуді сұрады.

«Сот жаза тағайындау кезінде ҚК-нің 55-бабының 1-тармағының 1-бөлігінің талаптарын назарға алды. Кінәні мойындау, жасаған ісіне өкіну, қылмыспен келтірілген зиянды өз еркімен өтеу жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Сотталушы бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды», - деп хабарлады соттан.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

азаматтық неке Алматы әйелін сабау Сот үкімі

Тақырыпқа жаңалықтар