Қазақстан жаңалықтары26 мамыр 2024, 20:03

Еліміздегі әуежайларды дамытуға инвестор келуі мүмкін

Көлік министрлігі әуежайлар қызметіне инвесторлар тартуға қатысты түсінік берді. Қазақстанда республикалық және облыстық маңызы бар 20 әуежай бар, оның ішінде 10 мемлекеттік (Ақтөбе, Түркістан, Қызылорда, Павлодар, Өскемен, Талдықорған, Қостанай, Балқаш, Атырау, Семей қалалары), 5 жеке (Алматы, Тараз, Орал, Қарағанды, Жезқазған қалалары) және тағы бесеуі сенімгерлік басқаруда (Астана қаласы, Көкшетау, Шымкент, Ақтау, Петропавл), - деп хабарлайды Arbat.media.

«Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 193-1-бабының 2-тармағына сәйкес, халықаралық әуежайлар стратегиялық объектілерге жатқызылған және Қазақстанның заңнамалық актілері бойынша мемлекеттік және жеке меншікте болуы мүмкін. Әлемдік тәжірибеде тек қаржылық ресурстарға ғана емес, сонымен қатар әуежайларды басқаруда айтарлықтай тәжірибесі бар жеке инвесторлар белсенді түрде тартылып отыр. Жеке инвестицияларды тарту авиация саласын, туризмді, сауданы және ел өңірлерінің экономикалық өсуін дамыту үшін жаңа мүмкіндіктер ашады», - делінген министрлік жауабында, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Айтуынша, СІМ консулдықтары арқылы шетелдік инвесторларды тарту жұмыстары жалғасып жатыр

 

The Hansa Consortium компаниясы Ақтөбе қаласының әуежайында мультимодальды хаб, авиациялық техникалық орталық құру жобасын іске асыруға, жолаушылар және жүк тасымалы көлемін едәуір арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүдделі. Инвестор Ақтөбе қаласының жаңа әуежайын салу әрі басқару бойынша ірі инвестициялық жобаны (жоба құны 500 млн доллар) іске асыра алатынын атап өтті. Сондай-ақ Ақтөбе облысының әкімдігі және «Sovico Group» компаниясы бірнеше кездесіп, соның нәтижесінде әлеуетті инвестор ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді. Олар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әуежайларды басқарудың орындылығы туралы түпкілікті шешім қабылдау үшін Ақтөбе және Түркістан қалалары әуежайларының қызметін (әкімдіктердің балансында) сараптауға кірісуді жоспарлап отырғанын хабарлады», - делінген көлік министрлігі ақпаратында.

Қазақстан әуежайлар Инвестор

Тақырыпқа жаңалықтар