Қазақстан жаңалықтары31 мамыр 2024, 19:55

Президент телерадиокешені Президент телерадиокешенінің түсіріліміне кірісті

Қысқаметражды көркем фильм 1771 — 1781 жылдары Қазақ хандығын басқарған көрнекті мемлекет қайраткері, ержүрек қолбасшы Абылай хан жайында баяндайды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Фильмді ҚР Президенті телерадиокешенінің Деректі фильмдер орталығы түсіріп жатыр. Түсірілім Қонаев қаласындағы «Көшпенділер» алаңында өтуде, - деп жазады Kazinform агенттігі. 

«Абылай хан» көркем фильмі Бурабайдағы Абылай хан алаңында орналасқан мультимедиалық-интерактивті кешенде көрсетіледі.

Кешенге келушілер қазақ халқының біртуар перзенті — Абылай хан атанған бала Әбілмансұрдың өмір тарихын білуге зор мүмкіндік алады.

Басты рөлді қазақтың белгілі актері Жандос Айбасов сомдайды.

Фильмде сондай-ақ Болат Момынжанов, Байкенже Белбаев, Сағызбай Қарабалин, Асхат Үрпеков, Айдос Әбдіқадыров, Динара Әтеева сияқты актерлер бой көрсетеді.

Фильмнің режиссері — Ғалымжан Баязитов, сценарий авторлары — Радик Темірғалиев пен Майра Жұмабекова.

 

Президент телерадиокешені

Тақырыпқа жаңалықтар