Қазақстан жасанды интеллектіге дайын ба?
Әлем елдері арасында жүргізілетін жасанды интеллектіге дайындық индексінде өткен жылы Қазақстан 193 ел арасында 77-орынға ие болды (индексі 48,5). Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5 орынға шегергенін көрсетеді. Бұл туралы Қазақстанның ұлттық инвесторлар ассоциациясы талдау жасапты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Жасанды интеллектіні енгізу бойынша көшбасшылардың алғашқы бестігінде АҚШ (индексі 85), Сингапур (82), Ұлыбритания (78,5), Финляндия (77,3) және Канада (77,0) орналасқан. Рейтингіге сәйкес, Қазақстанның мықты тұстары цифрлық сыйымдылық (75,6), деректердің қолжетімділігі (75) және деректердің көрнекілігі (72,6).
Кем тұстарына келер болсақ, рейтингте Қазақстанда жасанды интеллектіні дамытудың стратегиялық жоспары әлі жоқ екені көрсетілген. Қазақстан Үкіметі оны бір ай бұрын ғана әзірлеп, жариялаған еді. Шамасы, «пайым», индикаторы бойынша нөлдік баға алуымыздың себебі осы. Сондай-ақ, біздің әлсіз тұсымызға «кемелденуі» және төмен «инновациялық әлеуеті» кіріп отыр.
McKinsey бағалауы бойынша, жасанды интеллект технологиялары мен тереңдетілген талдауды пайдалансақ, Қазақстанның 2030 жылға қарай ЖІӨ-і жыл сайын 5-6% -ға өседі. Сонымен қатар сарапшылар жасанды интеллект пен тереңдетілген талдауды қолдануда Қазақстанның жалпы қосылған құнына (ЖҚҚ) әсерін зерттеген.
Олардың мәліметіне сүйенсек, өндіруші және өндірістік салаларда жасанды интеллектіні енгізудің жылдық экономикалық пайдасы (2018 жылғы бағамен) $5-тен 7 миллиардқа дейінгі диапазонда бағаланады.
Қызмет көрсету саласында бұл көрсеткіш 9 доллардан 13 миллиард долларға дейін жетуі мүмкін. Білім беру, денсаулық сақтау, мемлекеттік басқару және қорғаныс салаларында көрсеткіш одан да төмен. Дегенмен жылына қосымша 1-2 миллиард доллар ЖҚҚ (2018 жылғы бағамен пайда) халықтың өмір сүру деңгейін көтеруге айтарлықтай көмек екені анық.