Placeholder Семейде шақалақты қоқысқа тастап, өртеп жіберген
Фото: Pixabay.com
Pixabay.com
Қазақстан жаңалықтары14 қазан 2024, 10:00

Семейде шақалақты қоқысқа тастап, өртеп жіберген

Семей қаласында жаңа туған шақалақты қоқысқа тастап өртеп жіберген. Денесінің 80 пайызы жанып кеткен шақалақ ауруханада қаза болды. Абай облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазіргі уақытта тәртіп сақшылары күдіктіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған. Жаңа туған нәрестенің өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген ақпаратта, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева шақалақтың сағат 19.40-та көз жұмғанын мәлім етті.

«Оның денесінің 80 пайызын күйік шалған. Абай облысындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкілмен байланыста болып отырмын», - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

семей нәресте қоқыс Өрт

Тақырыпқа жаңалықтар