Қазақстан жаңалықтары17 сәуір 2024, 8:29

Тасқын: Қазақстанның бес өңірінде 11 жол жабық тұр

ҚазАвтоЖол республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы су тасқыны туралы бүгін 08:30–дағы соңғы ақпаратты жариялады. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күннің жылынуы мен қардың тез еруінен үш облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) жалпы ұзындығы 7575 шақырым болатын 8 жол учаскесінде су тасқыны болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автомобиль жолында (ұзындығы 411 км) қозғалысқа шектеу қойылды.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 356 техника мен 438 адам жұмыс істеп жүр.

Қазақстан Тасқын өңірлер жол жабық

Тақырыпқа жаңалықтар