сенбі, 21 қыркүйек, 2024

Қазақстан жаңалықтары

(Бет. 34)
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
«Қазақстан алюминийі» АҚ гидрометаллургиялық цехында жұмыс кезінде екі жұмысшыға сілтілі ерітінді тиген. Олардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр. «Зардап шеккендер қалалық аурухананың күйік бөліміне жеткізілді. Олардың бірі жалпы палатада емделсе, екінші қызметкер жансақтау бөлімінде жатыр. Зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетілуде. Кәсіпорын қажетті дәрі-дәрмектер сатып алды, жансақтау бөліміндегі қызметкерге күйікке қарсы төсек сатып алынды, ол бөлімде қалады», - деп түсіндірді алюминий зауытында. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Атыраулықтар Париж Олимпиадасынан оралған дзюдошы аруларға көлік сыйлады. Атырауға Париж Олимпиадасына бақ сынаған дзюдошылар Әбиба Әбужақынова мен Эсмигүл Куюлова оралды. Әлемдік додада Әбиба Әбужақынова бесінші орын алған еді. Ал, Эсмигүл Куюлова алғашқы белдесуінде қарсыласынан жеңіліп қалды. Кейін командалық сайыста да қарсыласына есе жіберді. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері талқыланды. Мемлекет басшысы азаматтардың шығыстарын ескере отырып, атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәсілдерін қайта қарау міндетін қойды. Осыған байланысты Отбасының цифрлық картасы мен мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен интеграцияларды пайдалана отырып, әлеуметтік көмек көрсетуді трансформациялау күтілуде. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Соңғы уақытта әлемнің көптеген елдерінде маймыл шешегі ауруы белең ала бастады. «Мемлекеттік шекара арқылы өткізу орындарында санитарлық-карантиндік бақылау жүргізіледі. Шекарада аса қауіпті індеттерге күдікті науқасты қашықтан термометрия арқылы анықтау (алдын алу) бойынша іс-шаралар жалғасады», – деді ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Сұлтанғазиев Тимур. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Өскемен қалалық №2 соты Қайрат Сатыбалдының жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтінішін қарады. Сот үкімімен Сатыбалды сеніп тапсырылғанның мүлкін жымқыру, ұрлық жасау мақсатынсыз залал келтіру бойынша мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызмет атқару құқығынан 10 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотталған. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері және Үкіметтің ортамерзімді кезеңге арналған болжамдары қарастырылған кеңес өтті. Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай, Ұлттық банк төрағасы, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы, Үкімет мүшелері және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты. Президентке негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, республикалық бюджеттің биылғы 7 айдағы орындалуы және 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасындағы макроэкономикалық параметрлер жөнінде баяндалды.