сенбі, 21 қыркүйек, 2024

Қазақстан жаңалықтары

(Бет. 35)
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Қазақстанда онлайн крдитке тыйым салу туралы петиция қолдау таппады. Үндеудің бастамашысы Нұржан Жақыпов басқаратын «Хақ-Назар» қоғамдық қоры болды. 13 тамызда E-petisiya платформасында Қазақстанда онлайн-несие беруге тыйым салу ұсынысымен петиция пайда болды. Бастамашы «Хақ-Назар» қоғамдық қоры болды. Петиция авторларының айтуынша, цифрландырудағы жетістіктерге қарамастан, онлайн несиелер азаматтардың қаржылық тұрақтылығына үлкен қауіп төндіреді. Оны алудың қарапайымдылығы, жоғары пайыздық мөлшерлеме мен түсініксіз мерзім көбінесе, әсіресе халықтың осал топтары арасында борыштық жүктеменің артуына әкеледі. Құжатта микроқаржы ұйымдары (МҚҰ) мен микрокредиттік компаниялардың (МКҰ) қызметін қатаң реттеудің жоқтығы қарыз тұзақтарының таралуына ықпал ететіні атап өтілген. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Жоғарғы Соттың Ішкі қауіпсіздік бөлімі азаматтарды қырағы болуға және WhatsApp, Telegram және т.б мессенджерлер арқылы алынған күмәнді сілтемелерді баспауға шақырады. Әдетте, хабарлама әртүрлі байқауларда балаларға дауыс беруге, ұтыс ойынына қатысуға, әртүрлі тақырыптар бойынша сауалнамаға қатысуға және т. б. шақырады. «Мысалы, олар туындаған мәселелер туралы хабарлап, ақылы түрде шеше алатын „таныс“ ҰҚК қызметкеріне байланыстарды жібереді. Сенімділік үшін ведомствоның ресми бланкісінде түбіртектерді/құжаттарды жіберуі мүмкін (қызметтік куәліктердің фотосуреттері, мөрі мен қолы қойылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басылған нұсқаулары мен бұйрықтары).
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Брюссельдегі жұмыс сапары барысында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Euronews Директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Дэвидпен кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар Астанада Euronews Орталық Азия хабының өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойды. Қазақстан Орталық Азия өңірінде шешуші рөл атқара отырып, мемлекет өмірінің барлық салаларында ауқымды өзгерістер жүргізіп отыр. Сондықтан Астанада Euronews өкілдігінің ашылуының тарихи маңызы зор. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
ҚазҰУ ғалымдары ежелгі ит тұқымдарының деректер базасын құрды. 2023 жылы 20 қаңтарында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қазақтың ит тұқымдарын сақтау және өсімін молайту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңға қол қойды. Бұл жөнінде Президент «Құмай тазы — ерекше жануар, қазақтың жеті қазынасының бірі. Біз тазы мен төбетті халықаралық деңгейде кеңірек дәріптеуіміз керек. Сыртқы істер министрлігі де міндетті түрде атсалысуы қажет. Тазыға ерекше күтім, қамқорлық керек. Бұл маңызды іс кәсібилікті талап етеді. Сол үшін арнайы заң қабылдадық» — деп атап өткен болатын. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Өскемендегі салондардың бірінде блефаропластика жасатпақ болған әйел ажал құшты. Сот таратқан ақпаратқа сәйкес сотталушы клиенттердің біріне блефаропластика (адамның қабағынан артық теріні алып тастау үшін жасалатын операция) жасау кезінде көмекші болуға келіскен. Отадан кейін клиенттің беті ісіне бастаған, кейін косметолог көмекшісіне дәрі егуді өтінген. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Ол кезде бәсіренің не екенін білген жоқпыз. Ат жалын тарта бас­тағанымда атам маған тай атағаны есімде. Атқа енді-енді оты­рып үйренген кезім, үлкен­дер ересектеу бір балаға үйреттіріп, құнан ке­зінде біраз қызығына батқанбыз. 90-жыл­дар­дың басында ауыл ішінде тай, құ­нан жарыстары көп өтетін. Үлкен­дер қара жарыс дейтін. Жан-жақтан таңдаулы тай-құнандар келмеген соң, бәйге деуді ар санап, қара жарыс атаса керек. Мәселен, басқа бір жерде жариялы бәйге өтетін болса, ауылда ат жарататындар (баптайтындар) күні бұрын өз араларын­да қара жарыс ұйымдастырып, сәйгүліктерінің әуселесін бір байқап алады. Ел ішіне ше­телдің ұзын аяқ, «таза қанды» тұлпар-сымақтары келмеген, бәйге атаулы бүгінгідей бизнеске айналмаған, жануарлар «дозировка», допингсіз жүгіретін уақыттың соңы еді. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Жұмыссыз қалған азаматтар жыл басынан бері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 46 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды.  Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 198,5 мың адамды құраған. Бұл ретте биыл 148,9 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған. Төлемдердің жалпы сомасы 46,5 млрд теңгені құрады. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Қазақстанға құны 1 триллион теңгеден асатын активтер қайтарылды, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.Жыл басынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтеді.Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды. Бұған дейін агенттік залалды өтеу ретінде Қ. Сатыбалдыұлы қайтарған жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекетке беру туралы шешімін хабарлаған болатын.