сенбі, 21 қыркүйек, 2024

Қазақстан жаңалықтары

(Бет. 33)
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Түркияның Чанаккале қаласында 14-18 тамыз аралығында өткен VIII International Troia Danse and Musik Competetion фестиваль-байқауында Казталов ауданының үлгілі «Қыз Жібек» дәстүрлі әншілер ансамблі үздік атанды. Халықаралық додаға әлемнің 20-дан астам елінен үміткерлер қатысып, бақ сынады. Бұл жолы Баян Қабиева мен оның ұлы Асылхан Болтанов жетекшілік ететін «Қыз Жібек» ансамблінің 14 оқушыдан құралған кіші тобы өнер көрсетіп, жалғыз бас жүлдеге ие болды. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Бүгінде Қазақстанда маймыл шешегінің бірде-бір жағдайы тіркелген жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі инфекцияны елге әкелудің алдын алу үшін қажетті шараларды қабылдады. Әуежайлар мен шекара өткелдерін қоса алғанда, санитариялық-карантиндік пункттерде бақылау шаралары күшейтілді. Маймыл шешегі тіркелген елдерден келген азаматтарға назар аударылады.Инфекцияның ықтимал таралуын болдырмау үшін Денсаулық сақтау министрлігі эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға келесідей сақтық шараларын сақтауды ұсынады. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Африка мемлекеттерінің қарызы 1 трлн долларға жетті. Бұл туралы Африка мемлекеттеріне арналған экономикалық комиссияның атқарушы хатшысы Клавер Гатете айтты. «Африка мемлекеттерінің қарызы 1 трлн долларға жетті. Құрлықта орналасқан мемлекеттік қарызы көп әрбір үшінші мемлекет айтарлықтай қаржылай қиындықтарға тап болып отыр»,-деді ол. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Бокстан ерлер құрамасының бас бапкер Қайрат Сәтжановтың өзінің жұмыс жоспарына қатысты мәлімдеме жасады. «Мемлекет және Қазақстан бокс федерация басшылығы жағынан сенім білдіріп жатқанына алғысымды айтамын. Бұл тұрғыда бізге үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Қазіргі кезде Қазақстан боксында бірқатар проблема бар. Ол проблемаларды Париж Олимпиадасында көрдік. Ең біріншіден, жаттығу жоспарларының дұрыс құрылмауы мен командалармен бірлескен оқу-жаттығу жиындарының өтпеуі себебінен», - деді Қ. Сәтжанов. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Қазақстанда 8 миллионан астам адам тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Қазақстанда жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде Спорт күні аталып өтіледі. Елімізде 4 олимпиадалық даярлық орталығы және 19 олимпиадалық резервті дайындау орталығы бар. Бүгінде 8 млн-нан астам қазақстандық тұрақты түрде спортпен шұғылданады. Бұл жалпы халықтың 40,4%-ына тең, оның 3 млн-нан астамы ауыл тұрғындары. 300 мыңға жуық бала мен жасөспірім 780-нен астам балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубтарында спортпен айналысады. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Елорданың Сарыарқа ауданында Шекарашылар күніне орай С.Сейфуллин көшесінде салтанатты түрде мурал ашылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты. Муралдың биіктігі 18 метрді құрайды, онда шекара қызметінің белгілері көрініс тапқан. Оның композициясында ел шетіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін шекарашылардың маңыздылығын білдіретін әуе және теңіз кемелері үйлесімді бейнеленген. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Дәретханадан табылған 5 жастағы қыздың өліміне қатысты тергеу жалғасып жатыр. Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты тың мәліметті жариялады. Полиция қызметкерлері тергеу іс-шаралары барысында аталған оқиғаға кәмелетке толмаған күдіктінің қатысы болуы мүмкін екендігін анықтады. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
"2030 жылға қарай қазақстандық порттардың өткізу қабілетін 30 млн тоннаға дейін ұлғайтамыз". Көлік министрі Марат Қарабаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында Каспийдегі ірі көлік инфрақұрылымының әлеуетін бағамдады. Министр Ақтау, Құрық, Баутино теңіз порттары мен Саржа, Ертай, Северный теңіз терминалдарының жұмысын тексерді. Теңіз инфрақұрылымын дамыту аясында қосымша контейнерлік терминалдар салу, қайта тиеу техникасын жаңарту, логистиканы дамыту, кедендік және әкімшілік рәсімдерді оңайлату, сондай-ақ ТХКБ және Солтүстік-Оңтүстік дәліздерін цифрландыру жұмыстары атқарылуда.