жұма, 20 қыркүйек, 2024

Қазақстан жаңалықтары

(Бет. 38)
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
FlyArystan басшысы Оралда егіздердің анасы Жазира Мусинамен кездесті. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті. «FlyArystan әуекомпаниясының басшысы Ричард Леджер 21 шілдеде «Астана-Орал» рейсіне жіберілмеген 12 жасар қыз Зере Галиеваның анасымен кездесу үшін арнайы Орал қаласына ұшып келді. Тараптар болған жағдайдың себептерін егжей-тегжейлі талқылады. FlyArystan әуекомпаниясының ресми өкілі қыздың отбасынан кешірім сұрады. Кездесуде Көлік министрлігінің қызметкерлері де болды. Әуекомпания кездесу нәтижесімен және қабылдаған шешімдерімен алдағы уақытта бөліседі», — делінген хабарламада. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Қазақстанның Бразилиядағы Елшісі Болат Нүсіпов Леблон ауданының қалалық саябағында орналасқан Абай бюстіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Іс-шараны «Бразилия-Қазақстан» достық форумы ұйымдастырып, қазақтың ұлы ақыны және философы Абай Құнанбайұлының 179 жылдығын мерекелеуге орайластырды. Кездесуге достық қоғамының мүшелері, сондай-ақ Рио-де-Жанейро қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты. «Бразилия-Қазақстан» достық форумының атқарушы директоры, профессор Эдельсио Америко қонақтарға португал тілінде Абайдың «Қара сөздер» өлеңдер жинағынан кейбір үзінділер оқыды. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Париж Олимпиадасына қатысқан ұлттық құрама спортшыларының тағы бір легі елге оралды. Олардың арасында ел қоржынын күміс медальмен толықтырған Демеу Жадыраев та бар. Демеу Жадыраевты Алматы әуежайында Алматы облысы әкімдігі, жақындары мен жанкүйерлері, журналистер, Қорғаныс министрлігіне қарасты орталық спорт клубының өкілдері сән-салтанатпен қарсы алды. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Бүгін Абай Құнанбайұлының туған күні. Ұлттық статбюро ұлы ойшылдың құрметіне қойылған есімдер жайлы статистиканы ұсынады. Бүгінде елімізде Абай есімді 18 586 адам тұрады. Ғұлама есімі берілгендердің ең көбі Түркістан облысында тұрады — 2050 адам, одан кейін Астана — 2021 адам және Алматы қаласы — 1639 адам.Ойшыл есімі берілген азаматтардың ең азы Ұлытау өңірінде — 193 адам.