жұма, 20 қыркүйек, 2024

Қазақстан жаңалықтары

(Бет. 37)
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Гүлмира Сатыбалды мен оның бұрынғы жүргізушісі Мәди Батыршаевқа қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. «Мен тағылған айыппен келіспеймін. Жүнісовтің заңсыз берген арызын біздің құқық қорғау органдары әділетті түрде зерттеп, реттейді деп сеніп, тергеу аясында куәлік берген жоқпын», - деп бастады сөзін айыпталушы. Айтуынша, жәбірленуші кәсіпкер Абай Жүнісовке осыдан 20 жыл бұрын сіңлісі тұрмысқа шыққан. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
ҚР Спорт министрлігі қазақстандық спортшылардың Олимпиададағы еңбегін жоғары бағалады. Министр Токио Олимпиадасынан бері сабақ алғанын атап өтті. Парижде екі аптадан астам уақытқа созылған ХХХІІІ Жазғы Олимпиада ойындары аяқталды. Төртжылдықтың басты спорттық жарысында Қазақстан құрамасы бір алтын, үш күміс және үш қола медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 43-орынға ие болды, деп жазады ҚР Спорт министрлігінің баспасөз қызметі. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
V дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жамбы атудан ел намысын қорғайтын үздіктер анықталды. Қатарында Азия мен әлем чемпионаты жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Ұлттық құрама сапындағы үздік төрттікті Олимпиадалық даярлау орталығы жасақтады. Еліміздің үздік 10 жамбы атушысы іріктеуде байрақты додаға тікелей жолдама беретін үш орынды сарапқа салды. Әр өңірден келген мергендер «Мажар», «Азия», «Түркі», «Жамбы» стилі бойынша бақ сынаған. Жалпы есептің қорытындысы бойынша түркістандық Айтбек Сарыбай мен Ералхан Айкөз және алматылық Абзал Тұлыбеков іріктеуден іркілмей өтіп жолдамаға қол жеткізді. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайы катарлық компанияға сатылатын болды. Тоз-тозы шыққан стратегиялық нысанға 30 жылдан бері түріктер иелік еткен. Енді үкімет әуежай акцияларын ерекше инвестициялық жоба ұсынып отырған QazAir Investments LLC компаниясына бермекші.  Катарлық инвесторлар тар транзит аумақтан жаңа терминал салып, көлемін кеңейтпекші. Бұған дейін Атырау әуежайы арқылы жылына бір миллион жолаушы ұшып-қонса, жаңа кешен арқылы олардың саны 3 млн-ға жетеді деп жоспарлануда. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Шымкентте мүгедектерді мәжбүрлеп қайыр сұратқан еркек ұсталды. 35 жастағы күдіктіні Түркістан облысының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының өкілдері ұзақ уақыт аңдыған. Қос аяғы жоқ, арбаға таңылған егде жастағы еркек пен денсаулығы нашар тағы бір азаматты екі жыл бойы оңтүстіктің әр түкпіріне апарып, көшеде қол жайғызған пысықай, жарымжандардың тапқанын өз қалтасына басып отырған. Екі жылдан соң қос қайыршыны өзге біреуге сатпақ болған. Сатып алушы ретінде хабарласқан жедел уәкілден екі мүгедекке 400 мың теңге сұраған. Осы соманы алу үстінде 35 жастағы күдікті ұсталып абақтыға қамалды. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Қытайдың Үрімжі қаласынан велосипедпен жолға шыққан Бүрлен есімді 20 жастағы қазақ қызы 2 000 шақырымынан астам жолды артқа тастап, Елордаға жақындап қалды.  Бүрлен Әділетқызы Шынжаң өлкесі, Дөрбілжін ауданының тумасы. Ол Қазақстан – Қытай арасындағы ынтымақтастықты қолдау мақсатында сапарға шыққан. Қазір Қарағанды облысының аумағында жүр. Ертең Астанаға жетіп, «Бәйтерек» монументінің жанында сапарына нүкте қоюды жоспарлап отыр. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Петропавлда әйел өзінің қызын жақтап, аулада жүрген 10 жасар қыздың шашынан жұлды. Қазір болған оқиғаға қатысты полиция сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Оқиға 10 тамыз күні Петропавлдағы Ухабов, 2 көшесіндегі аулада болған. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан әйелдің жасөспірім қызға келіп, қоқан-лоққы көрсетіп, шашынан жұлғанын көруге болады. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Ғылым және жоғары білім министрлігі магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеудің нәтижелерін жариялады. Министрліктің хабарлауынша, ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистратураға түсу үшін кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 30 балл жинау қажет. Грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-15 тамыз аралығында жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 25 тамызға дейін жарияланады.