жұма, 20 қыркүйек, 2024

Қазақстан жаңалықтары

(Бет. 42)
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Абай облысы Мақаншы ауданының ауруханасында науқастарға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен анестезия препараттары салынған.  Мақаншы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау мекемесін тексеру барысында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша заң бұзушылықтарды анықтаған. Тексеріс нәтижесінде дәрі-дәрмектің дұрыс сақталмауы, есірткі заттары бар ампулалардың уақтылы жойылмауы және дәрі-дәрмектердің дұрыс тағайындалмауы анықталған. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Алматыда Ислам ғылыми-зерттеу институты ашылды. Жастарымыз жат ағымның жетегінде кетпей, ата діннің қадір-қасиетін тереңнен зерделегені абзал. Ол үшін жұртшылыққа ғылыми тұрғыдан дәйекті бағыт-бағдар берудің маңызы ерек. Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институты есік ашқанын сүйіншілеп айта кеткен ләзім. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Тамыз айынан бастап елімізде не өзгереді? Уақыт белдеуіне қатысты өзгеріс: шешім қабылданады. Зейнетақы жинағын алу ережелері өзгереді.Жеке тұлғалардың банкроттық тәртібі.Қоғамдық көлік жолақысы. Шетелдіктер Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істей алады. Астана вокзалындағы автотұрақтардың тарифтері. Сумен жабдықтаудың жаңа тарифтері. Колледждерге қабылдау квоталары, өзгертілді. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Ел азаматтары енді мобильді қосымша арқылы дәрі-дәрмектің шекті бағасын онлайн бақылай алады. «Денсаулық сақтау министрлігі Азаматтарға дәрі-дәрмектің шекті бөлшек сауда бағасын бақылау үшін Dari.kz мобильдік қосымшасын пайдалануды ұсынады. Бұл өмірлік маңызды дәрі-дәрмектерге баға белгілеудің қолжетімділігі мен әділдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», делінген. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Азамат Сатыбалдының ұлттық киностудия президенті қызметінен кетуіне байланысты «Қазақфильмнің» бұдан былайғы тағдырына қатысты мәлімдеме жасады. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі қазіргі кезде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатқанын хабарлайды», — деп таратылды. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
«Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға қарсымыз!» петициясы бойынша шешім жобасына жария талқылау өтті. Отырысқа Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Әділет министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, Парламент депутаттары, сарапшылар, қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Кездесуде мемлекеттік органдардың, өтініш берушілердің, сарапшылардың және басқа да мүдделі тараптардың ұстанымдары айтылған жұмыс тобының алдыңғы екі отырыс нәтижесі талқыланды.