жұма, 20 қыркүйек, 2024

Қазақстан жаңалықтары

(Бет. 43)
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Алматы қалалық кардиология орталығының дәрігерлері жүрекішілік үлкен ісігі бар науқасқа – сол жақ атриум миксомасын алып тастау операциясын жасады. Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, науқас, 53 жастағы ер адам, ентігу мен жүрек соғуына шағымданған. Жүрекке ультрадыбыстық зерттеу жүргізгеннен кейін сол жақ атриумның жазықтығында жылжымалы өлшемі шамамен 6 см ісік тізілімі – сол жақ қарыншаның қуысына пролабирленген миксома анықталды. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Бас прокуратура 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарылған жұмыстарға қорытынды жасады. Прокуратура органдарының заңдылықты сақтау, құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмыстылықпен күрес бойынша қадағалау қызметінің нәтижелері белгілі болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асылов «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұқбатында айтты. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Алматы облысында «Қазақтелекомға» тиесілі сымдардың үзілуі салдарынан кішкентай бала қаза көз жұмды. Қайғылы оқиға Кеген ауданының Шырғанақ ауылында болған. «Қазақтелеком» АҚ ұжымы Алматы облысы, Кеген ауданы, Шырғанақ ауылында болған қайғылы оқиғаға байланысты марқұм баланың ата-анасы мен туған туыстарына шын жүректен қайғырып көңіл айтады. «Қазақтелеком» қаза тапқан баланың отбасына материалдық көмекпен қоса, өзге де жан-жақты көмектерді көрсетуге әзір», — дейді  «Қазақтелеком» АҚ компаниясы. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Астананың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында шоумен Нұртас Адамбайға қатысты іс қаралып жатыр. Нұртас Адамбайға ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғаны үшін айып тағылып отыр. Атап айтқанда діни ғимараттарды салу, ғимараттарды діни мақсатта қайта тағайындау, функционалдық мақсатын өзгерту бойынша Қазақстан заңнамасындағы талаптарды бұзуға қатысты. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Елімізде енді Мәжбүрлеп орындау комитеті құрылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен ҚР Әділет министрлігінің баспасөз конференциясында айтылды. Әділет вице-министрі Даниэль Ваисовтың айтуынша, енді дербес ведомство азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, оның ішінде шағымдарды қарау және оларды қабылдауды жүзеге асыру барысында жедел шешім қабылдауға құқылы.