бейсенбі, 19 қыркүйек, 2024

Қазақстан жаңалықтары

(Бет. 48)
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Тазының аң аулау қабілетіне қандай ген жауап береді. Генетика және физиология институты тазы тұқымының гене­тикалық әртүрлілігі мен по­пу­ляциялық құрылымын анық­тау үшін институт ғалымдары зерттеу кезінде генетикалық маркерлердің екі түрін, микро­сателлиттер мен бір нуклео­тидті нұсқаларды алғаш рет қол­данған. Зерттеу қорытындысында тазы - ежелден келе жатқан әрі филогенетикалық тарихта берік орын алған тұқым екені анықталды. Ал оның қырағы аң аулау қабілетіне 18, 22 және 25 хромосомалар жауап береді. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет 15 тәулікке қамалып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Отандық бұқаралық ақпарат құралдарында Қостанайдың бас имамы Бақытбек Тәжімбеттің мас күйде көлік жүргізгені туралы ақпарат пайда болды. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, бас имам 23 шілде күні түнгі клубтардың маңынан масаң күйде «Toyota Highlander» маркалы көлігін жүргізіп жатқан жерінен ұсталған. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Шымкентте «Жүрек» орталығының дәрігерлері жүрек трансплантациясын сәтті жасады. Жол апатынан қайтыс болған 18 жастағы жігіттің жүрегі орта жастағы науқасқа салынды. Жүрегін алмастырған науқас – қаланың 58 жастағы тұрғыны. Дәрігерлер пациентке күні кеше жол апатынан қаза тауып, 4 ағзасы мұқтаж науқастарға бөлінген 18 жасар жігіттің жүрегін салып берді. Отадан кейін науқас реанимация бөлімшесіне ауыстырылды. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Павлодар облысы Шарбақты ауылының тұрғыны, жақында сәбилі болған 12 жас тағы қыздың жағдайына қатысты жаңа деректер шықты. Жасөспірім қыздың отбасы 2019 жылы Монғолиядан Қазақстанға көшіп келген. Павлодарда 12 жастағы оқушы қыз дүниеге сәби әкелді. Ол облыстық перинаталдық орталығында аман-есен босанды. Жағдайға өңірдегі балалар омбудсмені Сәуле Шәкенова араласып, біраз жайттарды анықтады. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
Ақши ауылының маңында Алакөл көлін патрульдеу кезінде дельтапланмен ұшып бара жатып суға құлаған 2 адам аудандық аурунаға жеткізілді. 40 жастағы әйел мен 44 жастағы ер адамның жағдайы ауыр. Зардап шеккен талдықорғандық әйелдің сол жақ тізесі көгерген. Миы шайқалып, басынан қатты соққы алған. Бас және бет сүйектері сынған. Ал 1980 жылы туылған азамат Іле ауданы Жетіген ауылының тумасы екені анықталды. Оның жамбас сүйегі сынып, басынан қатты соққы алған. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
25 шілдеде құтқарушылар Майқайың кенішінде жердің астына түсіп кеткен төртінші адамды тапты. Автобустың бөлшектерін шығару үшін ТЖД құтқарушылары және шахта қызметкерлері опырылған топырақ пен тастың құлау қаупіне қарамастан жұмыс істеді. Оның барысында сағат 16:05–те экскаватор арқылы топырақты бөгеу кезінде 75 метр тереңдіктен машинистің денесі табылып, сараптамаға жіберілді. Іздеу-құтқару жұмыстары тәулік бойы және айтарлықтай үлкен қауіппен жүргізілгенін атап өткен жөн. Тау жыныстары мен топырақ үнемі сырғып түсіп жатты. Жұмысқа әртүрлі қызметтердің 200-ден астам қызметкері тартылды. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында көлік терезесін қараңғылауға қойылған шектеулер қалай өзгергенін түсіндірді. «Біз, жол ережелерінде пленкаларды қолдануға тыйым салу нормасын алып тастадық. Өйткені Кеден одағының техникалық регламентінде міндетті талаптар реттелген», - деді ол. 
Қазақстан жаңалықтары
Placeholder
АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің аумақтық департаменті әлеуметтік желілерде малдың жаппай ауруға шалдығуы және қырылуы туралы жарияланымдарды тексеріп жатыр. Желідегі жазба авторы мұның себебін жұқпалы аурудың өршуі деп болжайды. Сондай-ақ, оның айтуынша, жергілікті халық ұзаққа созылған жаңбырдан ұсақ мал әлсіреп кеткенін айтқан.