Әлем16 қаңтар 2024, 17:00

БҰҰ: Украина халқының 40 пайызға жуығы гуманитарлық көмекке мұқтаж

БҰҰ мәліметінше, Украина халқының 40 пайызға жуығы гуманитарлық көмекке мұқтаж, - деп хабарлайды Arbat.media.

Суық күн райы мен Ресейдің атқылауы Украинадағы гуманитарлық жағдайды қиындатып отыр. БҰҰ бағалауы бойынша, қазір 14,6 миллион украин гуманитарлық көмекке мұқтаж, яғни ел халқының 40%-ға жуығы.

БҰҰ-ның Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі мен БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігі биыл Украинаға гуманитарлық көмек көрсетудің қаржы қажеттілігін 4,2 миллиард долларға (шамамен 3,8 миллиард еуро) бағалайды.

Былтыр БҰҰ 5,6 миллиард еуроны есептеді – оның 60%-дан азын ғана жинай алды. Енді көмек көрсету бағдарламасы 850-ден астам серіктес ұйымдардың қатысуымен жүзеге асырылады.

БҰҰ мәліметі бойынша, Украинаның оңтүстігі мен шығысында майдан шебіне жақын жерде 3,3 миллионнан астам адам тұрады: олардың бір бөлігі сусыз, газсыз және жарықсыз үйінде қамалып отыр.

Жүздеген мың балалар қорқып, психикалық күйзеліске ұшырады, деді БҰҰ-ның гуманитарлық істерді үйлестіру басқармасының басшысы Мартин Гриффитс.

БҰҰ Украина халқы мұқтаждық күйзеліс
25 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
24 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары
25 шілде 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар