Әлем6 қараша 2023, 13:07

ЦАХАЛ: Газа қоршауға алынды

ЦАХАЛ-дың мәлімдеуінше, Газа қоршауға алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Израиль күштері секторды іс жүзінде «Солтүстік Газа» және «Оңтүстік Газа» деп екіге бөлді, деді ЦАХАЛ өкілі контр-адмирал Даниель Хагари.
 
Оның айтуынша, Израиль жергілікті тұрғындарды оңтүстікке баруы үшін «өту дәлізін» қалдыруда және ХАМАС лаңкестік тобының содырларына шабуылдар жалғасуда.

Құрлық операциясында Израиль күштері Газа қаласын оңтүстік жағалаудан қоршауға алды, қазір Газа секторының оңтүстігі мен Газа секторының солтүстігі бар.

Палестиналық Paltel телекоммуникациялық компаниясының мәліметінше, Газа секторында интернет және басқа да байланыстар қайтадан істен шыққан.

ЦАХАЛ Газа секторы қоршауда

Тақырыпқа жаңалықтар