"Мені импотент етіп көрсетті". Испаниялық наркобарон Netflix-ті сотқа берді
Испаниялық наркобарон Netflix-ті сотқа берді: ол сериалда өзін импотент ретінде көрсеткені үшін сотта 1,5 миллион еуро өтеп алғысы келеді, - деп хабарлайды Arbat.media.
22 жыл түрмеде отырып, 2017 жылы бостандыққа шыққан «Есірткі сатушылардың өкіл әкесі» Лауреано Убина «Кокаин жағалауы» телехикаясында оны зорлық-зомбылықпен есірткі сатушы және импотент ретінде көрсеткеніне шағымданды. Убина Netflix-тен моральдық шығын ретінде 1,5 миллион еуро өндіріп алғысы келеді.
«Лауреано Убина мырзаның өмірі осы сериал шыққаннан бері айтарлықтай нашарлады, өйткені ол басқа біреудің өмірін қиюға қабілетті, зорлық-зомбылық, сексист, кокаин сатушы, импотент, жауыз, опасыз, жаман әке және т.б. етіп көрсетілген», - деді оның адвокаты Хорхе Паладино.
«Кокаин жағалауы» — Испанияның Галисия аймағындағы есірткі саудасы кландарының өмірі туралы сериал. Ол алғаш рет 2018 жылы көрсетілді және оны тек Испанияда 2,5 миллион адам тамашалады.
«Кокаин жағалауы» сонымен қатар Галисия есірткі саудагерлері арасында гашиштің ең ірі тасымалдаушысы болып саналған Лауреано Убиннің тарихын баяндайды.