5 жыл бұрын жоғалған азаматты тапқан адамға 3 млн сыйақы беріледі
5 жыл бұрын жоғалған азаматты тапқан адамға 3 млн сыйақы беріледі, деп хабарлайды Arbat.Media.
2020 жылы жоғалып кеткен астаналық тұрғынның туыстары оның қайда екені туралы нақты ақпарат айтқан адамға үш миллион теңге сыйақы беруге дайын екенін айтты.
1996 жылы туған Армин Назар Ражұлы 2020 жылдың 6 қазанында жоғалып кеткен. Шамамен 16:00-де Ғабдуллин көшесі 6/1 мекенжайындағы үйінен шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.
«Белгілері: бойы 186 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр, оң көзінің астында меңі бар, арық денелі. Үстінде: сары жейде, сұр шалбар, сұр шұлық болған. Аяқ киімсіз шыққан», - деп хабарлады «Qanat» еріктілер қозғалысы.
Еріктілердің айтуынша, жоғалған адам бағытын ажырата алмайды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: