Қазақстан жаңалықтары17 ақпан 2024, 11:00

Абай облысы Көкпекті ауданында төтенше жағдай жарияланды

Көкпекті ауданында ауа райының қолайсыздығына байланысты ТЖ режимі енгізілді. Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаевтың шешімімен жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлімдеді.

«Көкпекті аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аудандық комиссия отырысының 16 ақпандағы №2 хаттамасы негізінде Көкпекті ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын», - делінген хабарламада.

Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою жөніндегі штабтың басшысы болып Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Марат Теміржанов тағайындалды.

 

Абай облысы Көкпекті Төтенше жағдай
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
2 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
1 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар