Алматы облысында бір топ оқушылар төбелесті
Алматы облысында жаппай төбелескен жасөспірімдер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Алматы облысы ПД мәліметінше, оқиға Іле ауданы Жапек батыр ауылында болған. Жергілікті мектеп оқушылары төбелескен. 29 қараша күні 2008 жылы туған 9-сынып оқушысы мен 2007 жылы туған 10-сынып оқушысы арасында келіспеушілік туындап, соңы ұйымдасқан жиынға айналған.
«Оқушылар әкімшілік жауапқа тартылды. Кәмелетке толмағандардың барлық ата-анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы (кәмелетке толмағанды тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) бойынша әкімшілік материалдар жиналды. Кәмелетке толмағандарға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабымен (кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық) хаттама толтырылды», – деп хабарлады полиция.
Тергеу жүргізіліп жатыр. Психологтар профилактикалық тәрбие жұмысын жүргізді.