Қазақстан жаңалықтары16 шілде 2024, 2:11

Алматы облысында сел жүріп, үйлерді су басты

Алматы облысы Жамбыл ауданының Беріктас ауылында толассыз жауған жаңбырдан кейін сел жүрді. 15 аула мен 3 тұрғын үй су астында қалды. ТЖМ бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар инертті материал салынған 2 мың қапшық дайындады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Сонымен қатар су басқан аумақтардан су сору және лайдан тазарту, арық жүйелерін тереңдету жұмысы жүріп жатыр, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Жағдайға мониторинг жалғасуда. Бұл іске ТЖД, жергілікті атқарушы органдар, ТЖМ 28237 әскери бөлімінің жеке құрамынан 100-ден астам адам, 11 мотопомпа мен 16 техника жұмылдырылған.

Алматы облысы сел оқиға ТЖМ

Тақырыпқа жаңалықтар