Алматыда жер сілкінісі кезінде үш адам көпқабатты үйдің терезесінен секірді
Алматыда жер сілкінісі нәтижесінде 8 адам зардап шекті, бір тұрғының жағдайы ауыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жариялады.
Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, түнгі сағат 03:00-тегі жағдай бойынша 8 адам зардап шекті.
Олар бірден қалалық ауруханаға жеткізілді.
«Жарақат алған үш адам тұрғын үйлердің 2 және 3 қабатынан секірген.
Медициналық тексерістен кейін екеуі амбулаториялық емделуге жіберілді.
Үшінші науқастың жағдайы ауыр, қазір ол ауруханада жатыр», - деп хабарлады басқармадан.
Сондай-ақ, үйден жүгіріп шыққан бес адам жарақат алды. Барлық қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін олар да амбулаториялық емдеуге жіберіледі.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: