Әмір Омарханов әлемдегі үздік теннисшілердің тізіміне енді
Қазақстандық Әмір Омарханов 18 жас және соған дейінгі жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде әлемдегі үздік 30 теннисшінің қатарына кірді, - деп хабарлайды Arbat.media.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Әмір 58-ден бірден 28-сатыға көтерілді.
Даниал Рахматуллаев 115-тен 61-сатыға бір-ақ шықты. Сол секілді Виталий Зацепин – 85 (+71), Ильяс Маратұлы – 150 (+93), Заңғар Нұрланұлы 177-орынға (+105) жоғарылады.
Қыздар арасында Асылжан Арыстанбеков үздік елулікке (51-орын, +15) жақындады. Сондай-ақ Айя Нұпбай – 168 (+49), Полина Слепцова 176-сатыға (+52) орнықты.
Е
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: