Ақтөбеде ойын бизнесін ұйымдастырғандар сотталды

Ақтөбеде мобильді қосымша арқылы ойын бизнесін ұйымдастырғандарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қылмыстық топ қатысушылардан түсетін ақша аударымдарын қабылдап, оларды платформаға тіркеген. Сонымен қатар әрқайсысына логин мен құпия сөз және ойындарға кіруге сілтеме берген.

Онлайн-казинодан күн сайын 150 мың теңгеден 200 мың теңгеге дейін түсіп отырған. Алаяқтар ақшаны қолма-қол айналымға өткізу үшін дропперлерді де тартқан.

Сот үкімімен 9 адамға 2 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұдан бөлек, қылмыстық кірістерге алынған 3 автокөлік тәркіленді.

ойын бизнес Ақтөбе сот
Кеше, 17:41 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 16:52 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:39 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар