Қазақстан жаңалықтары23 наурыз 2025, 16:28

Астана-Қарағанды арасындағы жолаушылар пойызында өрт шықты

Астана – Қарағанды учаскесінде жеке жолаушылар пойызында өрт шықты, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы "Қазақстан Темір Жолы" баспасөз қызметі растады. Өрт 22 наурызда сағат 11:13-те болған.

“Астана-Қарағанды-Сортировочная учаскесінде Қостанай-Алматы бағыты бойынша жүріп бара жатқан №44 "Турксиб Астана" жеке тасымалдаушы пойызында өрт тіркелді", – делінген хабарламада.

Вагон жедел түрде ажыратылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Оқиға орнына Астана станциясынан өрт сөндіру пойызы жіберілді. Өртті теміржол қызметкерлері мен ТЖД өртсөндірушілері сөндірді.

Өрт, Алматы, пойыз
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары
8 мамыр 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар