Орман өртеніп тұрғындар тірідей жанып кетті
Оңтүстік Кореяда орман өрті салдарынан төтенше жағдай режимі жарияланды, құрбандар бар, деп хабарлайды Arbat.media.
Оңтүстік Корея үкіметі Ульсан қаласы мен оңтүстік-шығыс аймақтарын шарпыған ауқымды орман өртіне байланысты елде төтенше жағдай жариялады. Табиғи апат салдарынан кем дегенде төрт адам қаза тапты, жүздеген тұрғындар үйлерінен кетуге мәжбүр болды.
Өрт сөндірушілер 21 наурызда Оңтүстік Санчхон округінде, сондай-ақ Оңтүстік Кореяның оңтүстігіндегі кем дегенде үш басқа аймақта басталған өрттерді сөндіруге тырысуда. Кореяның орман қызметі төрт адамның өмірін қиған және алты адамды жарақаттаған Санчхондағы өрт 22 наурыз күні кешке 25% - ға оқшауланғанын хабарлады.
Отпен күресу үшін билік жүздеген құтқарушылар мен ондаған арнайы көліктерді жұмылдырды. Өрт қазірдің өзінде 847 гектарға жуық орманды жойып жіберді. Ал Санчхоннан 260-қа жуық адамды эвакуациялауға тура келді.