Қазақстан жаңалықтары13 қараша 2025, 19:56

Астанада лифт құлап, бір адам көз жұмды

Астанадағы "Арыстан" тұрғын үй кешенінде үш жұмысшы отырған лифт құлап кетті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға салдарынан бір адам қаза тауып, екеуі ауыр жарақат алды. Жараланғандардың бірі жан сақтау бөлімінде жатыр.

Полицияның мәліметінше, лифт компаниясының қызметкерлері жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан кезде кабинаның тросы үзіліп, төмен құлаған. Куәгерлер оқиға орнынан видео жариялаған.

Қазіргі уақытта еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астана тұрғын үй лифт құрылысшы
Бүгін, 13:40 Қазақстан жаңалықтары
26 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 11:40 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 9:33 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар