Астанада лифтте 5 жастағы баланың бетін пышақпен тілгілеген жігітке үкім шықты
Астана соты лифтте 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірімге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Arbat.media.
Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес жасөспірім созылмалы психикалық ауруының салдарынан, қылмыс жасау кезінде өзінің іс-қимылының нақты сипаты мен әлеуметтік қаупін түсінбеген.
Сот заңға сәйкес қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған уақытта есі дұрыс емес күйде болған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтынын атап өтті.
"Сот қаулысына сәйкес, К-ға Талғар ауданы Ақтас ауылындағы қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі мекемеде стационарлық мәжбүрлеп емдеу тағайындалды", – делінген сот қаулысында.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: