Қазақстан жаңалықтары3 қаңтар 2024, 4:01

Атырауда жеке үйлердің бірінде газ жарылып, бес адам зардап шекті

Атырауда жеке үйлердің бірінде газ жарылып, бес адам зардап шекті, Жарылыста үйдің қабырғасы опырылып, кейін өрт басталған. Күйік шалған бес адам жансақтау бөліміне жатқызылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиға 2 қаңтарда болған. Шақыруға келген өрт сөндірушілер газ-ауа қоспасы жарылғанын анықтады. Өрт 140 шаршы метр аумақты алып жатқан үйді шарпыған.

«Өрт 12:03-те оқшауланып, 12:22-де сөндірілді. Бес адам күйік алып, ауруханаға жатқызылды. Өртті сөндіруге Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 16 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қаза тапқандар бір отбасының мүшелері. Атырау әкімдігі олардың жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

Атырау жеке үй Жарылыс

Тақырыпқа жаңалықтар