Bek Air апатына қатысты тергеу қайта басталады — Көлік министрі

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев 2019 жылғы Bek Air апатына байланысты тергеуді қайта бастау үшін құжаттар дайындалып жатқанын растады, деп хабарлайды Arbat.Media.

«Авиацияда мұндай жағдайлар жиі кездеседі. Ақырғы шешімге келу қиын. Қазір барлық қажетті құжаттар дайындалып жатыр», – деді министр.

Еске салайық, 2019 жылдың желтоқсан айында Алматыдан Астанаға ұшқан ұшақ биіктігін жоғалтып, жеке тұрғын үйге соғылған еді. Салдарынан 12 адам қаза тауып, 67 адам жарақат алған. Бортта барлығы 98 адам болған.

Апат Қаза Қазақстан Министрлік

Тақырыпқа жаңалықтар