Бизнес тарапынан жедел медициналық көмек көрсетуге қызығушылық жоқ
Фото: ҚР Үкіметі
QR Ukimet
Қазақстан жаңалықтары29 қазан 2024, 16:43

Бизнес тарапынан жедел медициналық көмек көрсетуге қызығушылық жоқ

«Елімізде шұғыл медициналық көмек көрсететін бірқатар жеке медициналық ұйым бар. Олар жеделділік санаттары бойынша шақыртуды ажыратпайды. Яғни, бұл - дәрігерді ақылы негізде үйге шақыру қызметі. Сонымен қатар жедел медициналық көмек көрсету - мемлекеттің кепілі, еліміздің азаматтарының денсаулығы мен өмірін сақтауға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету. Ал бизнес тарапынан жедел медициналық көмек көрсетуге қызығушылық жоқ», - деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оның дерегінше, елімізде жедел медициналық көмектің барлық шақыртулары 4-жеделділік санатына бөлінеді.

Мұнда 1-санат өмірге тікелей қатер төндіретін және шұғыл медициналық көмек көрсетуді талап етеді – 10 минут, 2-санат (медициналық көмекті талап ететін, өмірге әлеуетті қауіп төндіретін төндіретін) – 15 минут, 3-санат (медициналық көмекті талап ететін, денсаулыққа әлеуетті қауіп төндіретін) – 30 минут, 4-санат (жіті аурудан немесе созылмалы аурудың өршуінен туындаған, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуларынсыз, науқастың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп қатер төндірмейтін пациенттің жай-күйі) – 60 минут.

ДСМ медицина бизнес қызығушылық

Тақырыпқа жаңалықтар