БҚО-да автобус өртеніп кетті

8 тамыз кешінде Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында Орал — Қаратөбе бағытында қатынайтын рейстік автобус қозғалыс кезінде өртенді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға Самара — Шымкент тасжолында, Шалқар көліне бұрылатын маңда болған. Автобустың ішінде 37 жолаушы болған.

Жолаушылардың барлығы автобустан өздігінен эвакуацияланып үлгерген. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

БҚО ТЖД мәліметінше, өртті сөндіруге 8 қызметкер мен 2 арнайы техника жұмылдырылып, тілсіз жау толықтай жойылған. Оқиғаның нақты себебі әзірге хабарланған жоқ.

жолаушылар тасжол автобус оқиға

Тақырыпқа жаңалықтар