«Дикий Арман» ісі бойынша апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Алматы қалалық сотында Арман Жұмагелдиевке, яғни «Дикий Арманға», қатысты апелляциялық шағымдар қаралды. Сот коллегиясы бұрынғы үкімді күшінде қалдырды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жұмагелдиев 2022 жылғы 7 қаңтарда Алматыда өз тобындағы 5 күдіктімен бірге ұсталған. Бас прокуратураның мәліметі бойынша, қаңтар оқиғалары кезінде ол адамдарды заңсыз ұрлауға қатысқан.
Барлығы 45 адам сот алдында жауапқа тартылды. Оларға ұйымдасқан қылмыстық топ құру және басқару, тонау, заңсыз қамау, лауазымды өкілеттілікті асыра пайдалану, жаппай тәртіпсіздікке қатысу және бандитизм сияқты баптар бойынша айып тағылған.
2022 жылғы 27 қаңтарда Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: