Димаш Құдайберген жолақыны 500 теңгеге көтеруді ұсынған сарапшының жұмыстан босауын қалайды

Қазақстанның әйгілі әншісі Димаш Құдайберген мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділденовтің даулы мәлімдемесіне жауап берді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Әнші Instagram-парақшасында сарапшының суретін жариялап, оның қазақ тіліне қатысты көзқарасын сынға алды.

«Біз, қазақтар, әлемнің барлық тілін құрметтейміз. Алайда сыйластық алдымен өзіңнен басталуы керек. Ал өзгенің мақтауын алу үшін өз тілінен ұялатын адам сөзінен емес, тамырынан айырылады.Олжас, сен сияқты арандатушыны жұмыстан шығарады деп сенемін. Себебі сен кішкентай қорқақ баласың. Қазақ тілінде әдейі жазбадым, өйткені сен қазақша түсінбейсің», – деп жазды Димаш Құдайберген.

Әншінің бұл жазбасы әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, көпшілік тарапынан қолдау тапты.

Димаш Құдайберген жолақы Олжас Байділденов Әнші

Тақырыпқа жаңалықтар