Екібастұз ресми түрде моноқала мәртебесінен шығарылды
Екібастұз ресми түрде моноқала санатынан шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Министрлік елдегі моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуын 78 негізгі көрсеткіш бойынша кешенді түрде талдаған.
«Талдау нәтижесі бойынша, Екібастұз экономиканы әртараптандырудың тұрақты үрдісін, дамудың монопрофильді моделінен біртіндеп шығуды көрсетті. Қала экономикасы теңдестірілген салалық құрылыммен, өнеркәсіптің тұрақты өсуімен және жоғары инвестициялық белсенділікпен сипатталады», деп хабарлады ведомстводағылар.
Министрлік Екібастұзды тізбеден шығару қала экономикасының табысты трансформациясының көрсеткіші және кәсіпкерлікті дамыту мен инвестиция тартудағы жүйелі жұмыстың нәтижесі екенін мәлімдеді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: