Елімізде алдағы үш күнде қатты аяз болады
«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы үш күнде ауа температурасы –28 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Бірқатар өңірде қар жауып, боран соғады.
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кей жерлерде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Желдің екпіні секундына 28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.
Батыс өңірлерде түнде –18, күндіз –15 градус, ал солтүстік, орталық және шығыста түнде –28, күндіз –18 градус аяз болжанып отыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: