Қазақстан жаңалықтары26 ақпан 2024, 20:15

Елімізде ұрып-соғу әрекеті үшін арнайы бап енгізіледі және жаза қатаңдайды

Елімізде балалар мен әйелдердің құқығын қорғауға бағытталған заң жобасында ұрып-соғу әрекеті үшін жеке бап көзделеді. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Алекешев мәлім етті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

Ресми өкілдің айтуынша, адамды ұрып соққаны үшін кінәліге 80 АЕК көлемінде айыппұл салынады, сондай-ақ 80 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылады немесе 25 күнге дейін қамауға алынады.

Егер 2 немесе одан да көп адамды ұрып-соқса, дәрменсіз күйдегі адамды, материалдық және өзге де тәуелді болса немесе балаларды ұрып-соққан жағдайда айыптыға 30-дан 50 тәулікке дейін қамауға алудың ең жоғары санкциясы көзделеді.

«Адам денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК-ке дейін айыппұл, не болмаса 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыс істеу немесе 50 тәулікке дейін қамауға алу көзделеді. Егер зардап шеккен адамның саны екеуден көп болса, дәрменсіз адам болса, кінәліге материалдық немесе өзге де тәуелділікте немесе кәмелетке толмаған жасөспірім болса, онда айыптыға 1 мың АЕК-ке дейін айыппұл немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту, не болмаса 2 жылға дейін шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді», - деді Ш. Алекешев ведомствода өткен брифингіде.

ұрып-соғу Заң бап қатаң жаза

Тақырыпқа жаңалықтар