Елордада ірі сауда орталығы өртенді
Елордалық өрт сөндірушілер Алаш тас жолының бойындағы үш қабатты сауда орталығындағы өртті сөндірді, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Өрт туралы хабар кеш берілгендіктен, өрт бүкіл ғимарат аумағына тарап, үлкен көлемде өршіді. Көп көлемді жанғыш жүктеменің болуы өртті сөндіру жұмыстарын қиындатты», - делінген ТЖМ баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өртті сөндіруге 165 маман және шамамен 62 бірлік техникасы жұмылдырылды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.
Айта кету керек, базар әкімшілігі өрт туралы хабарламаған. Өртті бірінші және үшінші қабаттың терезелерінен шыққан қою қара түтінді байқап қалған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өздері анықтаған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: